Бейілділік бағдарламасына тіркеліңіз/кіріңіз
Квесттерді/күнделікті тапсырмаларды орындаңыз
Жүлделер мен бонустарды ұтып алыңыз
Аватар мен никнейміңізді таңдап, PM Hero-да өзіңіздің қаһарманыңызды ойлап табыңыз
Квесттерді орындап, бонустық жүлделер салынған сандықтарға қол жеткізіңіз
Жүлделеріңізді "Менің бонустарым" бөлімінен алыңыз
Қатысу үшін:
Жалпы құны 60 000 000 теңге тұратын жүлделердің ұтыс ойынына қатысыңыз, оның ішінде MacBook Air 31, iPhone 14, iPhone 13 Pro, iPhone 13 Pro Max, PlayStation 5, Apple Watch 7, Apple Watch 6, Airpods Pro және әрқайсысы 300 000 теңгеге дейінгі бонустар бар.
Сіздің рейтингіңіз неғұрлым жоғары болса, ұтыс ойынында соғұрлым бағалы сыйлықтар ұтып алуыңыз мүмкін!
PM Hero - көптеген жетістіктерге жетіп, әртүрлі стикербуктерді жинау және бонустар мен марапаттарға қол жеткізу мүмкіндігін беретін Parimatch-тың бірегей ойын платформасы.
Сіз PM Hero-ны жеке кабинетңізден таба аласыз. Аттас қалташаға басып, профиліңізді ашу үшін тіркеліңіз.
Жүлделер рейтингтің әр кезеңінде ойнатылады.
Біз ұтыс ойынының қорытындылары анықталғаннан кейінгі 10 күннің ішінде сізге хабарласамыз. Жүлдені табыстау рәсімін тездету мақсатында сіз бізге өзіңізге ыңғайлы тәсілмен хабарласа аласыз.
Жүлдені алу үшін келесі деректер қажет:
Деректеріңіз расталғаннан кейін біз жүлдені жеткізу қызметімен 60 жұмыс күннің ішінде жібереміз.
Рошанның 60 000 000 теңге қазынасы
Акцияға қатысу үшін:
Осы ережелерде келесі түсініктер мен анықтамалар пайдаланылады:
1. Акция – осы «Рошанның 60 000 000 теңге қазынасы» акциясын Ұйымдастырушы ұйымдастырады және өткізеді.
2. Ұйымдастырушы – «РМ Бет» букмекерлік кеңсесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 161240020520, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және мына мекенжай бойынша орналасқан заңды тұлға: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Алматинская көшесі, 6/2 ғимараты, пошталық индексі 040800.
3. Қатысушы – Ережелердің 1.2-1.4. тармақтарына сай келетін және Акцияға қатысқан жеке тұлға.
4. Логин – Қатысушының Сайттағы немесе Мобильді қосымшада тіркеген интернет-ойын шоты.
5. Мобильді қосымша – «parimatch.kz». Ұйымдастырушының IOS және Android операциялық жүйелеріне арналған ресми мобильді қосымшасы.
6. Жүлде – Акциядағы ұтып алынған зат. Жүлделердің түрлері, саны, жүлделерді алу шарттары мен мерзімдері Ерженің 3 және 4-тармағына сәйкес анықталады.
7. Сандық – Қатысушыға Ереженің 3.2 тармағында көрсетілген кепілдендірілген сыйлықтардың бірін кездейсоқ алуға мүмкіндік беретін бұйым.
8. Квест – Промо-сайтта жарияланған тапсырма, оны сәтті орындау арқылы Қатысушы 1 (бір) сандыққа ие болады.
9. Ереже – Сайтта жарияланған Акцияның ресми ережелері.
10. Акцияның өтетін жері – Акция сайтында және мобильді қосымшаларда өтеді.
11. Акцияның өту мерзімі – 2021 жылғы «07» қазан 2021 жылғы «30» қазанға дейінгі аралықта (екі күнді қоса алғанда) өтеді.
12. Акцияның өтетін аумағы – Қазақстан Республикасы.
13. Сайты – https://parimatch.kz.
14. Промо-сайты - https://parimatch.kz/ru/gamification.
15. Билет – Қатысушыға Ереженің шарттарына сәйкес берілетін бірлік және жүлделердің бір түрі болып табылады.
16. FreeBet – Ұйымдастырушы Логинге аударатын бөлінбейтін сома, Логиндегі басқа қаражатқа қосылмайтын ақшалай қаражат және ол жүлделердің бір түрі болып табылады. FreeBet-ті пайдалану арқылы тіккен ұтыс жеңіске жетсе, Қатысушы тігілген ұтыс сомасын қоспағанда тек ұтып алынған соманы ғана алады. FreeBet-тің сомасы, шарттары және алу мерзімі Ережелер тәртібіне сәйкес анықталады.
17. Бонус – Кемінде 1.50 коэффициентімен ұтысқа тігіліп, бес есе қайта ойнатуды талап ететін, Ұйымдастырушы тарапынан Логинге есептелетін қаражат. Бонустың сомасы, шарттары және алу мерзімі Ережелер тәртібіне сәйкес анықталады
18. Верификация – Қатысушының дербес деректерін тексеру және/немесе растау процесі.
1. Жалпы ережелері.
1.1. Ережелер Акцияны өткізудің тәртібін, шарттарын, мерзімдерін және оған қатысуды, Жүлделер санын, оларды алудың мерзімдерін және орнын анықтайды.
1.2. Акцияға науқан барысында жасы 21 ( жиырма бір) жасқа жеткен қабілетті, ақыл есі толық, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, үнемі Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі бар жеке тұлғалар қатысуға құқылы.
1.3. Егер Қатысушы Ережелердің 1.2. тармағының талаптарына сәйкес келмесе ол Қатысушылар тізімінен шығарылады.
1.4. Акцияға Ұйымдастырушының жұмыскерлеріне және өкілдеріне, аталған тұлғалардың және өкілдерінің жақын туыстарына, бұл тұлғалардың үлескер тұлғаларына (Қазақстан Республикасының «Неке (жұбайылық) және отбасы туралы кодексіне сәйкес, жақын туыстары – ата-аналары (ата-анасы), балалары, асыраушылары, асырап алынған ұл-қыздары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), атасы, әжесі, немерелері) және үшінші тұлғалардың өкілдеріне; азаматтығы жоқ тұлғалар және басқа мемлекеттердің азаматтарына қатысуға тыйым салынады.
1.5. Акция Қазақстан Республикасының «Лотореялар және лоторея қызметі туралы» заңында қарастырылған мағынадағы лоторея емес, Ұйымдастырушының қызметіне жаңа клиенттерді ынталандыруға бағытталған ұтыс ойыны болып табылады; Ұйымдастырушының қызметіне қызығушылықты қалыптастыру және қолдау үшін жүзеге асырылады.
1.6. Ұйымдастырушы Ережелерге өзгеріс енгізуге, мазмұнын немесе форматын жаңартуға, сондай-ақ себептерін алдын ала түсіндірместен Акциядан кез келген Жүлдені алып тастау құқығын өзіне қалдырады. Енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты Ұйымдастырушы Сайтқа жариялайды.
1.7. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, осы Ережелердің шарттарымен және талаптарымен танысқандығын, сондай-ақ олармен толық келісетіндігін және оларды ұстанатындығын растайды.
2. Акцияға қатысудың шарттары.
2.1. Акцияға қатысу үшін Қатысушы Ережелерде көрсетілген шарттар бойынша Акция өтетін кезеңде келесілерді орындауға міндетті:
2.1.1. Сайтта авторизациядан өтіп, Промо-сайтқа өту, профиль құрып, «Түсінікті» батырмасын басу арқылы Акцияға қатысудың шарттарын қабылдау;
2.1.2. 00:00-де жаңартылатын және 00:00-ден келесі күні 23:59-ға дейін 72 сағат бойы жарамды Квесттерді орындау; тігілген ұтыстар ағымдағы кезеңнің Квесті аяқталғанға дейін есептелуі шарт.
2.2. Әр орындалған Квест үшін Қатысушыға Сандық беріледі. Сандықтар Қатысушы Промо-сайтта және/немесе Мобильді қосымшада авторизациядан өткеннен кейін көрінеді. Сандықты қай квестте алсаңыз, сол квест барысында алып, «Жүлдені алу», сосын «Ашу» батырмасын басу арқылы ашу қажет. Егер Сандық осы тармақта көрсетілген мерзім ішінде ашылмаса қолжетімсіз болады.
2.3. Квесттерде алынатын Сандықтардың түрі Промо-сайтта көрсетілген және келесі санаттарға бөлінеді:
2.4. «Жүйе», ординар типінде тігілген ұтыстар және CashOut қызметі бойынша немесе ағымдағы күні Квесттің аяқталған уақыты мен күнінен кеш есептелген ұтыстар бұл Акцияға қатыспайды. Экспрестерде жалпы коэффициент ескеріледі,
2.5. Квесттерді орындау барысында FreeBet ескерілмейді.
3. Жүлделер.
3.1. Акцияның жүлде қоры Ұйымдастырушының қаражаты есебінен қалыптастырылады.
3.2. Сандықтар бойынша кездейсоқ тәсілмен келесі кепілдендірілген Жүлделер беріледі*:
3.2.1. Темір Сандық:
| № | Жүлденің атауы | Саны |
| 1 | Билеттер | 100 000 |
| 2 | FreeBet 200 теңге | 400 |
| 3 | FreeBet 1000 теңге | 400 |
| 4 | FreeBet 2000 теңге | 100 |
3.2.2. Қола Сандық:
| № | Жүлденің атауы | Саны |
| 1 | FreeBet 200 теңге | 600 |
| 2 | FreeBet 500 теңге | 1000 |
| 3 | Билеттер | 100 000 |
3.2.3. Күміс сандық:
| № | Жүлденің атауы | Саны |
| 1 | FreeBet 1000 теңге | 600 |
| 2 | FreeBet 2000 теңге | 200 |
| 3 | FreeBet 5000 теңге | 100 |
| 4 | Билеттер | 80 000 |
3.2.4. Күміс Экспресс сандығы:
| № | Жүлденің атауы | Саны |
| 1 | FreeBet 2000 теңге | 250 |
| 2 | FreeBet 5000 теңге | 150 |
| 3 | FreeBet 10 000 теңге | 100 |
| 4 | Билеттер | 80 000 |
3.2.5. Алтын сандық:
| № | Жүлденің атауы | Саны |
| 1 | FreeBet 2000 теңге | 250 |
| 2 | FreeBet 5000 теңге | 150 |
| 3 | FreeBet 10 000 теңге | 100 |
| 4 | Билеттер | 50 000 |
3.2.6. Алтын Экспресс сандығы:
| № | Жүлденің атауы | Саны |
| 1 | FreeBet 5000 теңге | 200 |
| 2 | FreeBet 10 000 теңге | 150 |
| 3 | FreeBet 25 000 теңге | 10 |
| 4 | Билеттер | 50 000 |
| 5 | FreeBonus 25 000 теңге | 200 |
| 6 | FreeBonus 50 000 теңге | 200 |
3.2.7. Платина сандығы:
| № | Жүлденің атауы | Саны |
| 1 | FreeBet 5000 теңге | 200 |
| 2 | FreeBet 10 000 теңге | 150 |
| 3 | FreeBet 25 000 теңге | 15 |
| 4 | Билеттер | 40 000 |
| 5 | FreeBonus 25 000 теңге | 200 |
| 6 | FreeBonus 50 000 теңге | 200 |
3.2.8. Платина Экспресс сандығы:
| № | Жүлденің атауы | Саны |
| 1 | FreeBet 5000 теңге | 150 |
| 2 | FreeBet 10 000 теңге | 100 |
| 3 | FreeBet 25 000 теңге | 25 |
| 4 | FreeBet 50 000 теңге | 15 |
| 5 | FreeBet 100 000 теңге | 10 |
| 6 | Билеттер | 40 000 |
| 7 | FreeBonus 25 000 теңге | 200 |
| 8 | FreeBonus 50 000 теңге | 200 |
| 9 | FreeBonus 100 000 теңге | 200 |
3.2.9. Алмас сандық:
| № | Жүлденің атауы | Саны |
| 1 | FreeBet 50 000 теңге | 150 |
| 2 | FreeBet 10 000 теңге | 100 |
| 3 | FreeBet 25 000 теңге | 50 |
| 4 | FreeBet 50 000 теңге | 20 |
| 5 | FreeBet 100 000 теңге | 10 |
| 6 | Билеттер | 30 000 |
| 7 | FreeBonus 50 000 теңге | 300 |
| 8 | FreeBonus 100 000 теңге | 300 |
| 9 | FreeBonus 200 000 теңге | 300 |
3.2.10. Зүбәржат сандық:
| № | Жүлденің атауы | Саны |
| 1 | FreeBet 5000 теңге | 100 |
| 2 | FreeBet 10 000 теңге | 75 |
| 3 | FreeBet 25 000 теңге | 50 |
| 4 | FreeBet 50 000 теңге | 40 |
| 5 | FreeBet 100 000 теңге | 10 |
| 6 | Билеттер | 30 000 |
| 7 | FreeBonus 100 000 теңге | 300 |
| 8 | FreeBonus 200 000 теңге | 300 |
| 9 | FreeBonus 300 000 теңге | 300 |
* Сандықтағы жүлделер саны Қатысуышлардың белсенділігіне сәйкес Акция барысында Ұйымдастырушы тарапынан өзгертілуі мүмкін.
3.3. Кепілдендірілген жүлделер: Жалпы сомасы 16 000 000 (он алты миллион) теңгені құрайтын Бонустар. Олар келесі жолмен бөлінеді:
| Кезең | Сомасы |
| 1 | 4 000 000 (Төрт миллион) теңге |
| 2 | 4 000 000 (Төрт миллион) теңге |
| 3 | 4 000 000 (Төрт миллион) теңге |
| 4 | 4 000 000 (Төрт миллион) теңге |
3.4. Бонустарды кезеңдерде бөлу:
| Рейтингтегі орны | Сомасы |
| 1 | MacBook Air 13’ |
| 2 | Iphone 14 128 gb |
| 3 | Iphone 13 Pro Max - 3 шт, Iphone Pro - 1шт |
| 4 | Play Station 5 |
| 5 | Apple Watch 7 - 3шт, Apple Watch 6 - 1шт |
| 6 | Airpods Pro |
| 7-25 | 50 000 (Елу мың) теңге |
| 26-50 | 30 000 (Отыз мың) теңге |
| 51-100 | 10 000 (Он мың) теңге |
| 101-200 | 4500 (Төрт жарым мың) теңге |
| 201-500 | 2000 (Екі мың) теңге |
| 501-1000 | 1000 (Бір мың) теңге |
*Науқанның бір Қатысушы физикалық жүлдені тек бір ғана рет ала алады, қайта ұтқан жағдайда Қатысушыға 3 еселік ұтыс тігуімен физикалық жүлденің баламасымен тең тегін бонус беріледі
3.5. Жүлделердің сыртқы бейнесі және жинақталуы Акцияның Промо-сайтында, жарнамалық және басқа да материалдарда жарияланған суреттерден өзгешеленуі мүмкін.
4. Жеңімпаздарды анықтау және Жүлделерді алу тәртібі.
4.1. Акция барысында алынған барлық FreeBet-тер «Менің жүлделерім» бөлімінде Жүлдені активациялағаннан кейінгі 1 (бір) сағаттың ішінде аударылады
4.2. FreeBet-ті кемінде 5.0 жалпы коэффициентімен «ординар» немесе «экспресс» ұтыстары есептелген сәттен бастап 7 (жеті) күннің ішінде спорттың кез келген түріне қолдануға болады.
4.3. Апталық қорытынды шығарылатын күндері:
4.4. Акция қатысушылары арасында Кепілдендірілген жүлделерді бөлу Ережелердің 4.3 тармағында көрсетілгендей апталық қорытындының шығарылатын күні келесі тәртіпте өтеді:
4.4.1 Тиісті кезеңде алынған барлық билеттер біріктіріліп, Қатысушының жалпы Билет санын құрайды, сондай-ақ оның рейтингтегі орнын анықтайды. Тиісті кезеңдік кепілдендірілген жүлде Ереженің 3.4 тармағындағы тәртіпке сәйкес есептеледі. Алдыңғы күн бойынша ағымдағы рейтинг туралы ақпарат күнделікті сағат 00:00-ден 23:59 дейінгі (UTC+0) аралықта жаңарып отырады.
4.4.2. Ереженің 4.4 тармағында көрсетілген Кепілдендірілген жүлделерді бөлу нәтижесінде алынған барлық Бонустар ұтыс ойынының тиісті кезеңінен кейін 72 (жетпіс екі) сағаттан кешіктірілмей есептеледі.
4.4.3. Ереженің 4.4 тармағында көрсетілген Кепілдендірілген жүлделерді бөлу нәтижесінде алынған барлық Бонустар 1.50 немесе одан жоғары коэффициентімен 5 еселенген мөлшерде қайта ойнатуды талап етеді. Бонустарды қайта ойнату кезеңінде Логиннен ақшаны алу шектеледі.
4.5. Ереженің 4.4-тармақта көрсетілген Кепілдендірілген жүлделерді Сайт немесе Мобильді қосымша арқылы «Акциялар» бөлімінде іске қосу қажет және оларды алған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күннің ішінде пайдалану қажет. Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін Кепілдендірілген Жүлделер жарамсыз болып табылады.
4.6. Жүлденің жеңімпазын анықтағаннан кейін, Ұйымдастырушы 10 (он) жұмыс күні ішінде Жеңімпазбен Акция өтетін жерде жеке мәліметтерде көрсетілген телефон нөмірі арқылы байланысады, ал Жеңімпаз жүлдені ұтып алғаннан кейін оны алып кету үшін Parimatch.kz-тің қолдау қызметіне кез келген ыңғайлы байланыс арнасы арқылы өз бетінше хабарласуға құқылы. Жүлдені алу үшін Қатысушы: толық аты-жөнін, ойын шотының нөмірін, ЖСН көрсетіп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы қажет. Жүлделерді жеткізу өтінім бергеннен кейін 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жүлделер қаражат баламасына тең келетін мөлшерде Логинге берілетін бонусқа ауыстырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда, яғни Логинге бонус ретінде аударылғанда 1.50 және одан жоғары коэффициентпен үш рет қайта ойнату талап етеді.
4.7. Егер Жеңімпаз курьерлік компанияда сақтаудың көрсетілген ақысыз кезеңінде Ұтысы бар жолдаманы алмаса, аталмыш жүлдені алушы жүлдені қайта жеткізу ақысын өз бетінше төлейді.
4.8. Ережелердің тармақтарын түсінуге қатысты қарама-қайшылық пайда болған жағдайда Ұйымдастырушының түсіндірмесі ресми деп танылады, және ақырғы әрі орындалуы міндетті болып саналады.
4.9. Жүлделер тек жеңімпаз деп жарияланған Қатысушыларға табысталады.
4.10. Егер Акция барысында Ережеде сипатталған әдістерден басқа техникалық, бағдарламалық немесе басқа құралдардың көмегімен Қатысушы (немесе ол үшін басқа біреу) нәтижелерді өзгертуге тырысқан деген күдік туындаса Ұйымдастырушы Қатысушыға Жүлдені беруден бас тартуға немесе оны кез келген уақытта Акциядан шығаруға құқылы.
4.11. Жеңімпаздар алған Жүлделері үшін төленетін салықтар және жеңімпаздарға жүлделерді жеткізуге қатысты көлік шығындары Ұйымдастырушының есебінен төленеді. Жүлделердің құнына кірмейтін кез-келген басқа төлемдерді, тарифтерді, жарналарды, сондай-ақ оны жеңімпаз алған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетті төлемдерді, оның ішінде тіркеу үшін төлеу уәкілетті органдардағы Жүлдеге қатысты қабылдау Актісін жіберуге кететін шығындар жеңімпаздың есебінен жүзеге асырылады. Жүлделерді алуға байланысты туындаған қосымша шығындарды, сондай-ақ Ережеде көзделмеген және Ұйымдастырушының және/немесе жеңімпаздың бақылауынан тыс басқа төлемдерді жеңімпаз қосымша төлейді.
4.12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңімпаздар алған Жүлделерге салық салынады, ал Ұйымдастырушы - заң бойынша жеңімпазға салықты есептеу мен төлеуге міндетті салық агенті болып табылады. Жеңімпаз Ұйымдастырушыға жеке куәліктің сканерленген көшірмесін және тұрақты тіркелген мекенжайын беруге міндеттенеді, ал Ұйымдастырушы жеңімпаз үшін салықты жеңімпаз тіркелген жері бойынша тиісті салық органына төлейді. Жеңімпаздың бұл шарттан бас тартуы оның Жүлдеден бас тартуын білдіреді.
4.13. Жүлде иегері мен Супер жүлде иелері фотосессияға қатысуға және өзінің Акцияға қатысуына, жүлдені алуына қатысты сұхбаттар беруге міндеттеледі. Сұхбаттар мен фотосессия материалдары БАҚ-та жарияланады, Жеңімпаз акцияға қатыса отырып, оған өзінің сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді және жарияланған материалдар үшін Ұйымдастырушы және/немесе кез келген үшінші тұлға тарапынан өтемақы төленбейді.
5. Қорытынды ережелер.
5.1. Қатысушы Акцияға қатысу арқылы Ережелермен танысқандығын, олардың мазмұны және шарттары оған түсінікті екендігін, олармен толық келісетіндігін және оларды ұстанатындығын растайды. Сондай-ақ Қатысушы өзінің дербес деректерін (тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаты, ЖСН, туған күні мен туған жері, суреті, байланыс телефоны және т.б.) жинауға, өңдеуге және пайдалануға келісімін береді, Ұйымдастырушыға өзі туралы берген ақпаратты маркетингтік және/немесе басқа да мақсатта (сонымен қатар үшінші тұлғаларға беруге), атап айтқанда, қатысушының есімін, тегін, суретін ақысыз пайдалануға, сұхбат беруде немесе басқа жарнама/маркетингтік мақсатта пайдалануға, оның ішінде бұқаралық ақпарат көздерінде, кез келген баспа, аудио- және бейнематериалдарда, БАҚ-тағы сұхбатта, сондай-ақ ақпаратты, хабарламаларды (оның ішінде жарнамалық) және т.с.аумақтық, уақыттық және пайдалану тәсілінде шектеусіз әрі тегін пайдалануға өз келісімін береді және мұндай пайдалану үшін Ұйымдастырушы және/немесе кез келген үшінші тұлғаның тарапынан өтелмейді.
5.2. Акцияға қатысу арқылы Қатысушы Қатысушылар үшін бекітілген барлық критерийлерге лайық екенін растайды. Егер Акцияға қатысқан тұлға Қатысушы бола алмайтындығы анықталған жағдайда ол Жүлдені алу құқынан айырылады.
5.3. Акцияға қатысу арқылы Қатысушы өзінің жеке атынан, өз еркімен және тәуелсіз әрекет ететіндігін, Акцияға қатысуға және Жүлделер алуға байланысты барлық жауапкершілік тәуекелдері мен салдарын өз мойнына алатындығын растайды.
5.4. Акция Ұйымдастырушысы келесілер үшін жауап бермейді:
5.5. Акция Қатысушысы дербес деректерін жинау, өңдеу және сақтауға берген рұқсатын Қазақстан Республикасы, Қонаев қаласы, Алматинская көшесі, 6/2 ғимараты, 040800 пошталық индексі мекен-жайына жазбаша түрде хабарлама жіберіп, кері қайтарып алуға құқылы, ол үшін Акцияға қатысу мақсатында хабарлаған тіркеу мәліметтеріндегі Акция қатысуышысының тегін, атын, әкесінің атын, туған жылы мен мекен-жайын хабарламада көрсету қажет.
5.6. Келісімнен бас тарту туралы хабарлама түскен жағдайда Ұйымдастырушы және оның уәкілетті тұлғалары Қатысушының дербес мәліметтерін өңдеуді тоқтатады және дербес мәліметтерге қатысты хабарламаны алған күннен бастап оларды 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімнің ішінде жояды
5.7. Қатысушы өзінің дербес мәліметтерін кері қайтарғаннан кейін, яғни қайтару нәтижесінде оның дербес мәліметтері жойылғаннан соң, Акцияның өткізілуімен байланысты іс-әрекеттердің орындалмауына Ұйымдастырушы жауапты емес.
5.8. Ұйымдастырушы Акцияның өту барысында және кез келген басқа уақытта Ереженің шарттары мен өткізу тәртібін бір жақты өзгертіуге және толықтыруға құқылы.
5.9. Акция бір адамға, отбасына, пәтерге, компьютерге немесе IP-мекенжайға қарасты бір ойын шоты үшін ғана қолжетімді.
5.10. Ұйымдастырушы Қатысушының Логинін тексеру барысында оның тыйым салынған стратегияларды пайдаланғандығын (мультиаккаунтинг, бұрыс коэффиценттермен ойнау, арбитражды жағдайлар және т.б.) анықтаса және компания оларды қастық әрекет деп тапса, себебін алдын ала ескертпей-ақ Қатысушыға бонус беруден бас тартуға құқылы.
5.11. Ұйымдастырушы себебін түсіндірместен кез келген Қатысушыны Акциядан шығаруға құқылы.
5.12. Даулы мәселелер бойынша шағымдар осы Акция бастау алған күннен бастап 60 (алпыс) күннің ішінде қабылданады. Осы мерзім өткеннен кейін ешқандай талаптар қабылданбайды.