Қалай қатысуға болады?

Акция парақшасында тіркеліп, қатысуыңызды растаңыз

Спорттың кез келген түріне кемінде 2.00 коэффициентімен 2000 т басталатын сомаға акциялық бір ұтыс тігіңіз

Түркиядағы Риксосқа екі адамдық жолдаманың және басқа да құнды жүлделердің ұтыс ойынына қатысыңыз

Акция бойынша тігілген әр ұтыстан ұпай жинаңыз. Ең көп ұпай жинаған ойыншылар әр апта сайын кепілдендірілген жүлделер алады

Жүлде қоры 25 000 000 т

Кепілдендірілген жүлделер

FAQ

Правила и условия

Акция шарттары:


  • 1. Акция парақшасында авторизациядан өту;
  • 2. Қатысатындығыңызды «Қатысамын» батырмасын басу арқылы растау;
  • 3. Спорттың кез келген түріне 2.00-ден жоғары коэффициентпен 2000 теңгеден басталатын сомаға кемінде 1 акциялық ұтыс тігіңіз;
  • 4. Жеңіске жеткен ұтыстар үшін ұпайлар жинап, рейтингте өз орныңызды айқындаңыз.

Ұпай көбейген сайын рейтингтегі орын жоғарылай береді және бонус сомасы арта түседі!


Акция бойынша тігілген әрбір ұтыс үшін ұпайлар келесі жолмен есептеледі:

  • Киберспортқа, тенниске және үстел теннисіне тігілген ұтыс үшін
    • 2000 теңгеден 5 000 теңгеге дейін тігілген 1 ұтыс = 20 ұпай
    • 5000 теңгеден 10 000 теңгеге дейін тігілген 1 ұтыс = 50 ұпай
    • 10 000 теңгеден 25 000 теңгеге дейін тігілген 1 ұтыс = 100 ұпай
    • 50 000 теңгеден басталатын сомаға тігілген 1 ұтыс = 500 ұпай
  • Кез келген ұтыс тігу үшін
    • 2000 теңгеден 5 000 теңгеге дейін тігілген 1 ұтыс = 10 ұпай
    • 5 000 теңгеден 10 000 теңгеге дейін тігілген 1 ұтыс = 25 ұпай
    • 10 000 теңгеден 25 000 теңгеге дейін тігілген 1 ұтыс = 50 ұпай
    • 25 000 теңгеден 50 000 теңгеге дейін тігілген 1 ұтыс = 125 ұпай
    • 50 000 теңгеден басталатын сомаға тігілген 1 ұтыс = 250 ұпай

Бір оқиғаға тігілген ұтыстар үшін ұпайлар тек бір рет қана есептеледі.

Жалпы жүлде қоры 14 000 000 теңгені құрайды және 4 кезеңге бөлінеді.


Акцияға қатысу үшін келесі қадамдарды орындау шарт:


  • - Акция парақшасында 2022жылдың «31» шілдесіне (осы күнді қоса алғанда) дейін авторизациядан өту қажет;
  • - Қатысуыңызды «Қатысамын» батырмасы арқылы растау;
  • - 2.0-ден жоғары коэффициентпен 2000 теңгенден басталатын сомаға кемінде 1 рет ұтыс тігу;
  • - Акция шарттарына сәйкес жеңіске жеткен ұтыстар үшін ұпайлар жинаңыз.

  • «Parimatch-пен бірге Риксос-қа ұтыс тігіңіз» акциясының ережелері мен шарттары

    Осы ережелерде келесі түсініктер мен анықтамалар пайдаланылады:

    1. Акция – осы «Мальдив аралдарына ұтыс тігу» акциясын Ұйымдастырушы ұйымдастырады және өткізеді.

    2. Ұйымдастырушы – «РМ Бет» букмекерлік кеңсесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 161240020520, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген және мына мекенжай бойынша орналасқан заңды тұлға: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Алматинская көшесі, 6/2 ғимараты, пошталық индексі 040800.

    3. Қатысушы – Ережелердің 1.2-1.4. тармақтарына сай келетін және Акцияға қатысқан жеке тұлға.

    4. Логин – Қатысушының Сайттағы немесе Мобильді қосымшада тіркеген интернет-ойын шоты.

    5. Мобильді қосымша – Ұйымдастырушының IOS және Android операциялық жүйелеріне арналған «parimatch.kz» ресми мобильді қосымшасы.

    6. Бонус – ойын шотының баптауларында ұсынысты іске қосқаннан кейін Қатысушының шотына есептелетін бонустық қаражат. Бонустың сомасы, шарттары және алу мерзімі Ережелердегі тәртіпке сай анықталады.

    7. Жүлде – Акциядағы ұтып алынған зат. Жүлделердің түрлері, саны, жүлделерді алу шарттары мен мерзімдері Ерженің 3 -тармағына сәйкес анықталады.

    8. Ұпай – Ереженің тәртібіне сәйкес берілетін бірліктер.

    9. Ережелер – Акцияның сайтта жарияланатын ресми ережелері.

    10. Акцияның өтетін орны – Акция Сайтта және мобильді қосымшада өтеді.

    11. Акцияны өткізу мерзімі – 2022 жылғы «06» маусымнан бастап 2022 жылғы «03» шілдеге дейін (екі күнді қоса санағанда).

    12. Акцияның өтетін аумағы – Қазақстан Республикасы .

    13. Промо-сайты https://parimatch.kz/kk/promo/campaign/rixos-s-parimatch.

    14. Верификация – Қатысушының дербес мәліметтерін тексеретін және/немесе растау процесі.

    16. Сайты – https://parimatch.kz.

    17. Негізгі ережелер – Сайтта жарияланған Ұйымдастырушының өткізетін бәсінің және ұтысты қабылдауының жұмыс ережелері.


    1. Жалпы ережелері.


    1.1. Ережелер Акцияны өткізудің тәртібін, шарттарын, мерзімдерін және оған қатысуды, Жүлделер санын, оларды алудың мерзімдерін және орнын анықтайды.

    1.2. Акцияға науқан барысында 21 ( жиырма бір) жасқа толған, әрекетке қабілетті, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, тұрақты Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі бар, Сайтта немесе мобильді қосымшада тіркелген/тіркеуден өткен, Логиндегі дербес деректерін дұрыс толтырған жеке тұлғалар қатысуға құқылы.

    1.3. Егер Қатысушы Ережелердің 1.2. тармағының талаптарына сәйкес келмесе ол Қатысушылар тізімінен шығарылады.

    1.4. Акцияға Ұйымдастырушының жұмыскерлеріне және өкілдеріне, аталған тұлғалардың және өкілдерінің жақын туыстарына, бұл тұлғалардың үлескер тұлғаларына (Қазақстан Республикасының «Неке (жұбайылық) және отбасы туралы кодексіне сәйкес, жақын туыстары – ата-аналары (ата-анасы), балалары, асыраушылары, асырап алынған ұл-қыздары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), атасы, әжесі, немерелері) және азаматтық-құқықтық және өзге де қарым-қатынастары бар үшінші тұлғалардың өкілдері қатысты.; азаматтығы жоқ тұлғаларға және басқа мемлекеттердің азаматтарына, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектеулі адамдарға қатысуға тыйым салынады.

    1.5. Акция Қазақстан Республикасының «Лотореялар және лоторея қызметі туралы» заңында қарастырылған мағынадағы лоторея емес, Ұйымдастырушының қызметіне жаңа клиенттерді ынталандыруға бағытталған ұтыс ойыны болып табылады; Ұйымдастырушының қызметіне қызығушылықты қалыптастыру және қолдау үшін жүзеге асырылады.

    1.6. Ұйымдастырушы Ережелерге өзгеріс енгізуге, мазмұнын немесе форматын жаңартуға, сондай-ақ себептерін алдын ала түсіндірместен Акциядан кез келген Жүлдені алып тастау құқығын өзіне қалдырады. Енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты Ұйымдастырушы Сайтта жариялайды.

    1.7. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, осы Ережелердің шарттарымен және талаптарымен танысқандығын, сондай-ақ олармен толық келісетіндігін және оларды ұстанатындығын растайды.


    2. Акцияға қатысу шарттары.


    2.1. Акцияға қатысу үшін Қатысушы Акцияны өткізу мерзімінің ішінде Ережеде көрсетілген шарттарға сәйкес орындауы қажет:

    2.1.1. Сайтта немесе мобильді қосымшада авторизациялау рәсімінен өту, сайттағы немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинетте *белгісі бар барлық бағандарды толтыру, Промо-сайтқа өту және Промо-сайттағы «Қатысамын» батырмасын басу арқылы Акцияға қатысу шарттарын қабылдау;

    2.1.2. Акцияны өткізу барысында кез келген спорттық оқиғаға 2.00-ден жоғары коэффициентпен 2 000 (екі мың) теңгеден басталатын «ординар» (бір оқиғадан тұратын) және/немесе «экспресс» (бірнеше оқиғадан тұратын) үлгісіндегі ұтыстарды тігу (бұдан әрі мәтін бойынша – «Акция бойынша тігілген ұтыс»).

    2.2. Акция бойынша тігілген эксперстердің жалпы коэффициенті 2.0 және одан жоғары болуы қажет.

    2.3. Акция бойынша тігілген әр ұтыс үшін Қатысушы ұпайлар алады. Алынған ұпайлар саны Қатысушы Промо-сайтта авторизациядан өткеннен кейін көрсетіледі.

    2.4. Акция бойынша тігілген ұтыстар ұтқан жағдайда ұпайлар келесідей есептеледі:

    Тігілген ұтыс сомасы «Ординар» типті ұтыс тігу үшін берілетін ұпайлар «Экспресс» типті ұтыс тігу үшін берілетін ұпайлар
    2 000 теңгеден бастап 10 20
    5 000 теңгеден бастап 25 50
    10 000 теңгеден бастап 50 100
    25 000 теңгеден бастап 125 250
    50 000 теңгеден бастап 250 500

    Ескерту: үстел теннисі, теннис және киберспортқа тігілген ұтыстар екі еселенеді!

    Акция бойынша тігілген ұтыстардың барлық ұпайлары жинақталып, қатысушының жалпы ұпайын құрайды және оның рейтингтегі орнын анықтайды.

    2.5. Экспрестегі бір оқиғаның коэффициенті 1.0 болса немесе ұтылып қалса, ол акцияға қатыса алмайды.

    2.6. Жүйе» типінде тігілген ұтыстар және CashOut қызметі бойынша есептелген ұтыстар немесе 2.00-ден төмен коэффициенті бар ұтыстар бұл Акцияға қатыспайды.

    2.7. Акцияға тек акцияның әрбір кезеңінде есептеліп, жасалған кез келген акциялық ұтыстар қатыса алады.

    2.8. Әрбір қатысушы акция шарттарына сәйкес келетін акциялық ұтыс тігудің шексіз санын жасай алады.

    2.9. Алдыңғы күні сағат 00:00-ден 23:59-ға дейін (UTC+6) есептеліп, тігілген ұтыстар бойынша жиналған ұпайлар рейтингі күн сайын сағат 12:00-ге (UTC+6) дейін жаңартылып отырады.


    3. Жүлделер және Бонустар.


    3.1. Акцияның Жүлде қоры Ұйымдастырушы қаражатының есебінен қалыптастырылады.

    3.2. Акцияда келесі жүлделер ойнатылады:

    Атауы Саны
    3.2.1. Бас жүлде
    1 Риксос Туркияға екі адамдық жолдама 4
    3.2.2. Супер жүлделер
    1 Iphone 13 PRO MAX Graphite 128gb 4
    2 Sony PlayStation 5 4
    3.2.3. Бонустар
    1 100 000 теңге мөлшерінде бонус 4
    2 50 000 теңге мөлшерінде бонус 4
    3 25 000 теңге мөлшерінде бонус 12
    4 10 000 теңге көлемінде бонус 12

    3.3. Кепілдендірілген жүлделер: жалпы сомасы 14 000 000 (он төрт миллион) теңгені құрайтын бонус, ол келесідей бөлініп, есептеледі:

    Кезең Сома
    1 2 000 000 (екі миллион) теңге
    2 3 000 000 (Үш миллион) теңге
    3 4 000 000 (Төрт миллион) теңге
    4 5 000 000 (Бес миллион) теңге

    3.4. Жүлделердің сыртқы бейнесі және жинақталуы Акцияның Промо-сайтында, жарнамалық және басқа да материалдарда жарияланған суреттерден өзгешеленуі мүмкін.


    4. Жеңімпаздарды анықтау және жүлделерді алу тәртібі.


    4.1. Жүлделер Ереженің 2-бөлімінде көрсетілген шарттарды орындаған Акцияның барлық қатысушыларының арасында кездейсоқ тәсілмен ойнатылады.

    4.2. Акция шарттарын орындаған барлық Қатысушылары арасында random.org сайты арқылы жүлделердің иелері анықталады. Көрсетілген сервис арқылы Акцияның нәтижелерін шығару мүмкін болмайтын жағдайлар туындаған жағдайда Ұйымдастырушы басқа ұқсас қызметті таңдау құқығын өзіне қалдырады.

    4.3. Апта сайынғы ұтыс ойындары ойнатылатын күндер:

    • 1. 1-кезеңнің (бірінші) қорытындылары шығарылатын күн: «11» шілде 2022 ж.;
    • 2. 2-кезеңнің (екінші) қорытындылары шығарылатын күн: «18» шілде 2022 ж.;
    • 3. 3-кезеңнің (үшінші) қорытындылары шығарылатын күн: «25» шілде 2022 ж.;
    • 4. 4-кезеңнің (төртінші) қорытындылары шығарылатын күн: «01» тамыз 2022 ж.;

    4.4. Бір кезеңде жиналған ұпайлар бойынша ұтыс ойыны өтіп кетсе, ол ұпайлар келесі кезеңнің ұтыс ойынына қатыса алмайды.

    4.5. Кезең сайынғы ұтыс ойындардың қорытындысы шығарылатын күндері Youtube-тегі ресми «Parimatch Kazakhstan» арнасында және @parimatch_kz instagram парақшасында акцияның шарттарын орындаған Қатысушылар арасында сағат 17:00-де (Астана қаласының уақытымен) Супер жүлделер мен Логин бонустарының ұтыс ойындары бірнеше кезеңмен өтетін болады:

    • 1. Бірінші кезең 04.07.2022 ж. 00 сағ. 00 мин.-тан 10.07.2022ж. 23 сағ. 59 мин дейін
    • 2. Екінші кезең 11.07.2022 ж. 00 сағ. 00 мин.-тан 17.07.2022 ж. 23 сағ. 59 мин дейін
    • 3. Үшінші кезең 18.07.2022ж. 00 сағ. 00 мин.-тан 24.07.2022ж. 23 сағ. 59 мин дейін.
    • 4. Төртінші кезең 27.06.2022 ж. 00 сағ. 00 мин.-тан 31.07.2022ж. 23 сағ. 59 мин дейін.

    4.6. Бас жүлденің ұтыс ойыны 2022 ж. «11» шілдеде сағат 20:00-де (Астана уақыты бойынша) өтеді, оған бірінші кезеңде тиісті ұпайлар санын жинаған барлық Қатысушылар қатыса алады:

    Бірінші кезең 04.07.2022 ж. 00 сағ. 00 мин.-тан 10.07.2022ж. 23 сағ. 59 мин дейін.

    4.7. Бас жүлденің ұтыс ойыны 2022 ж. «18» шілдеде сағат 20:00-де (Астана уақыты бойынша) өтеді, оған екінші кезеңде тиісті ұпайлар санын жинаған барлық Қатысушылар қатыса алады:

    Екінші кезең 11.07.2022 ж. 00 сағ. 00 мин.-тан 17.07.2022 ж. 23 сағ. 59 мин дейін.

    4.8. Бас жүлденің ұтыс ойыны 2022 ж. «25» шілдеде сағат 20:00-де (Астана уақыты бойынша) өтеді, оған үшінші кезеңде тиісті ұпайлар санын жинаған барлық Қатысушылар қатыса алады:

    Үшінші кезең 18.07.2022ж. 00 сағ. 00 мин.-тан 24.07.2022ж. 23 сағ. 59 мин дейін.

    4.9. Бас жүлденің ұтыс ойыны 2022 ж. «01» шілдеде сағат 20:00-де (Астана уақыты бойынша) өтеді, оған төртінші кезеңде тиісті ұпайлар санын жинаған барлық Қатысушылар қатыса алады:

    Төртінші кезең 27.06.2022 ж. 00 сағ. 00 мин.-тан 31.07.2022ж. 23 сағ. 59 мин дейін.

    4.10. Тиісті кезеңнің ұтыс ойынын өткізу барысында Ұйымдастырушы бас жүлдені немесе супер жүлдені жеңіп алған Акция Қатысушысымен сайтта және/немесе мобильді қосымшада тіркелу кезінде көрсетілген ұялы байланыс операторының абоненттік нөміріне қоңырау шалып байланысады. Егер Ұйымдастырушы бас жүлдені немесе супер жүлдені жеңіп алған тұлғамен оны жеңімпаз деп анықтағаннан кейін және Youtube-тегі «Parimatch Kazakhstan» ресми арнасы мен @parimatch_kz instagram парақшасында тікелей эфир жүргізгеннен кейін 3 (үш) теру әрекеті барысында байланыса алмаса, көрсетілген тұлға тиісті жүлдеге бар құқығынан айырылады, нәтижесінде бас жүлде немесе супер жүлде тікелей эфир арқылы қайтадан ұтыс ойынында ойнатылады. Бас жүлденің немесе супер жүлденің ұтыс ойыны аталмыш жүлденің иегері деп танылған Қатысушыға тікелей эфирде телефон арқылы хабарға шыққан сәтке дейін өткізіледі.

    4.11. 1 (бір) кезеңде Қатысушының тек 1 (бір) жүлдені ұтып алу мүмкіндігі бар.


    Ұпайларды есептеу үлгісі:


    Ұпайлардың жалпы саны 100 000 құрайды делік.


    Кезеңнің жүлде қоры — 2 000 000 теңге. Бір аптаның нөлдік теңгерімі бар Қатысушы әр жинаған ұпайы үшін: 2 000 000/100 000 = 20 теңгеден алады. 5000 ұпайы бар Қатысушы: 5000*20 = 100 000 теңге алады.


    4.12. Бонустар қорытындыларды жариялаған сәттен бастап 72 сағаттың ішінде аударылады.

    4.13. Бонусты логиннен қиындықсыз шығарып алу үшін Бонус сомасын кемінде 1.50 коэффициентімен, экспрестерде жалпы коэффициент ескеріледі, бір рет ұтысқа тігу шарт. Тігілген ұтыс ұтқан жағдайда Бонус логиннен негізгі ережелердің шарттарында көрсетілген тәртіпке сай шығарылып алынады.

    4.14. Супер жүлденің жеңімпазын анықтағаннан кейін, Ұйымдастырушы 10 (он) жұмыс күні ішінде Жеңімпазбен Акция өтетін жерде жеке мәліметтерде көрсетілген телефон нөмірі арқылы байланысады, ал Жеңімпаз супер жүлдені ұтып алғаннан кейін оны алып кету үшін Parimatch.kz-тің қолдау қызметіне кез келген ыңғайлы байланыс арнасы арқылы өз бетінше хабарласуға құқылы. Жүлдені алу үшін Қатысушы: толық аты-жөнін, логин нөмірін, ЖСН көрсетіп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы қажет. Супер жүлделерді жеткізу өтінім бергеннен кейін 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

    4.15. Егер Жеңімпаз курьерлік компанияда сақтаудың көрсетілген ақысыз кезеңінде супер жүлдесі бар жолдаманы алмаса, алушы жүлдені қайта жеткізу ақысын өз бетінше төлейді.

    4.16. Супер жүлделер және /немесе бас жүлделердің ақшалай баламасы берілмейді, олар ауыстырылмайды және қайтарылмайды

    4.17. Акцияның өту мерзімінде Қатысушының тек 1 (бір) ғана бас жүлдені жеңіп алуға мүмкіндігі бар.

    4.18. Ережелердің тармақтарын түсіндіруге қатысты қайшылықтар туындаған жағдайда Ұйымдастырушының түпкілікті және орындау үшін міндетті болып табылатын түсіндірмесі ресми болып саналады.

    4.19. Жүлделер тек жеңімпаз деп жарияланған Қатысушыларға табысталады, ал Жүлделерді алу құқығын жеңімпаз үшінші тұлғаға бере алмайды.

    4.20. Егер Акция барысында қатысушы (немесе ол үшін басқа біреу) техникалық, бағдарламалық немесе басқа құралдардың көмегімен нәтижелерді өзгертуге тырысқан деген күдік туындаса Ұйымдастырушы Қатысушыға жүлдені беруден бас тартуға немесе оны кез келген уақытта Акциядан шығаруға құқылы.

    4.21. Бас жүлдені жүлденің жеңімпазы анықталған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Ұйымдастырушы Жеңімпазбен оның Алматы қаласына келу күнін анықтау үшін және тиісті шарт жасасу және бас жүлдені алу үшін келуі туралы хабарласады. Жеңімпаздың Алматы қаласына келуіне, тұруына және қалада жүріп-тұруына, рәсімдеуге қатысты барлық шығындарды жеңімпаз өз мойнына алады

    4.22. Жеңімпаздар алған жүлделері үшін төленетін салықтар және жеңімпаздарға жүлделерді жеткізуге қатысты көлік шығындары Ұйымдастырушының есебінен төленеді. Бас жүлделердің құнына кірмейтін кез-келген басқа төлемдерді, тарифтерді, жарналарды, сондай-ақ оны жеңімпаз алған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетті төлемдерді, оның ішінде тіркеу үшін төлеу уәкілетті органдардағы бас жүлденің, сондай-ақ жүлдеге қатысты қабылдау Актісін жіберуге кететін шығындар жеңімпаздың есебінен жүзеге асырылады. Жүлделерді алуға байланысты туындаған қосымша шығындарды, сондай-ақ Ережеде көзделмеген және Ұйымдастырушының және/немесе жеңімпаздың бақылауынан тыс басқа төлемдерді жеңімпаз қосымша төлейді

    4.23. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеңімпаздар алған жүлделерге салық салынады, ал Ұйымдастырушы заң бойынша жеңімпаз үшін салықты есептеу мен төлеуге міндетті салық агенті болып табылады. Жеңімпаз Ұйымдастырушыға жеке куәлігінің сканерленген көшірмесін және тұрақты тіркелген мекенжайын беруге міндеттенеді, ал Ұйымдастырушы жеңімпаз үшін салықты жеңімпаз тіркелген жері бойынша тиісті салық органына төлейді. Жеңімпаздың бұл шарттан бас тартуы оның жүлдеден бас тартуын білдіреді.

    4.24. Бас жүлде иегері мен супер жүлде иелері фотосессияға қатысуға және өзінің Акцияға қатысуына, Бас жүлдені және/немесе супер жүлдені алуына қатысты сұхбаттар беруге міндеттенеді. Сұқбаттар мен фотосессия материалдары БАҚ-та жарияланады, Жеңімпаз акцияға қатыса отырып, оған өзінің сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді және жарияланған материалдар үшін Ұйымдастырушы және/немесе кез келген үшінші тұлға тарапынан өтемақы төленбейді.


    5. Қорытынды ережелер.


    5.1. Қатысушы Акцияға қатысу арқылы Ережелермен танысқандығын, олардың мазмұны және шарттары оған түсінікті екендігін, олармен толық келісетіндігін және оларды ұстанатындығын растайды. Сондай-ақ Қатысушы өзінің дербес деректерін (тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаты, ЖСН, туған күні мен туған жері, суреті, байланыс телефоны және т.б.) жинауға, өңдеуге және пайдалануға келісімін береді, Ұйымдастырушыға өзі туралы берген ақпаратты маркетингтік және/немесе басқа да мақсатта (сонымен қатар үшінші тұлғаларға беруге), атап айтқанда, қатысушының есімін, тегін, суретін ақысыз пайдалануға, сұхбат беруде немесе басқа жарнама/маркетингтік мақсатта пайдалануға, оның ішінде бұқаралық ақпарат көздерінде, кез келген баспа, аудиожәне бейнематериалдарда, БАҚ-тағы сұхбатта, сондай-ақ ақпаратты, хабарламаларды (оның ішінде жарнамалық) және т.с.аумақтық, уақыттық және пайдалану тәсілінде шектеусіз әрі тегін пайдалануға өз келісімін береді және мұндай пайдалану үшін Ұйымдастырушы және/немесе кез келген үшінші тұлғаның тарапынан өтелмейді.

    5.2. Акцияға қатысу арқылы Қатысушы Қатысушылар үшін бекітілген барлық критерийлерге лайық екенін растайды. Егер Акцияға қатысқан тұлға Қатысушы бола алмайтындығы анықталған жағдайда ол жүлдені алу құқынан айырылады.

    5.3. Акцияға қатысу арқылы Қатысушы өзінің жеке атынан, өз еркімен және тәуелсіз әрекет ететіндігін, Акцияға қатысуға және жүлделер алуға байланысты барлық жауапкершілік тәуекелдері мен салдарын өз мойнына алатындығын растайды.

    5.4. Акция Ұйымдастырушысы келесілер үшін жауап бермейді:

    • жеңімпазбен хабарласу мүмкін емес;
    • жеңімпаздардың өздерінің кінәсінен де, байланыс ұйымдарының кінәсінен де немесе ұйымдастырушыға байланысты емес өзге де себептер бойынша жүлдені беру үшін қажетті мәліметтерді алмауына / уақтылы алмауына;
    • ережеде қарастырылған жеңімпаздар міндеттерінің орындалмауына (уақытылы орындалмауына);
    • жеңімпаздың қажетсінбеуінен жүлдені алмауына немесе жүлдеден бас тартуына. Жүлде «алудан бас тартты» себебімен қайтарылған жағдайда Қатысушы жүлдені екінші рет талап ете алмайды. Мұндай жүлделердің алынбауына қатысты шағымдар қабылданбайды;
    • қатысушылардың өміріне, денсаулығына, Акцияға қатысуымен байланысты орын алған моральдық және/немесе психологиялық зақымдары үшін;
    • жеңімпаз жүлдені алғаннан кейін және/немесе жеңімпаздың қандай да бір себептермен берілген Жүлдені пайдалана алмауына, жүлдені алған сәттен бастап Қатысушы оның кездейсоқ жойылуына, жоғалуына немесе бүліну қаупіне өзі жауапты;
    • Ұйымдастырушының бақылауынан тыс қандай да бір себептермен жеңімпаздың жүлдені алмау себептері үшін, оның ішінде егер байланысу мекенжайы, аты және / немесе тегі не жеңімпазбен байланысудың басқа әдісі қате көрсетілсе, өзгертілсе және т.б. Бұл жағдайда мұндай жеңімпаз Ұйымдастырушыдан өтемақы талап етуге құқы жоқ.

    5.5. Акция Қатысушысы дербес деректерін жинау, өңдеу және сақтауға берген рұқсатын Қазақстан Республикасы, Қапшағай қаласы, Алматинская көшесі, 6/2 ғимараты, 040800 пошталық индексі мекенжайына жазбаша түрде хабарлама жіберіп, кері қайтарып алуға құқылы, ол үшін Акцияға қатысу мақсатында хабарлаған тіркеу мәліметтеріндегі Акция қатысуышысының тегін, атын, әкесінің атын, туған жылы мен мекенжайын хабарламада көрсету қажет.

    5.6. Келісімнен бас тарту туралы хабарлама түскен жағдайда Ұйымдастырушы және оның уәкілетті тұлғалары Қатысушының дербес мәліметтерін өңдеуді тоқтатады және дербес деректерге қатысты хабарламаны алған күннен бастап оларды 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімнің ішінде жояды.

    5.7. Қатысушы өзінің дербес деректерін кері қайтарғаннан кейін, яғни қайтару нәтижесінде оның дербес мәліметтері жойылғаннан соң, Акцияның өткізілуімен байланысты іс-әрекеттердің орындалмауына Ұйымдастырушы жауапты емес.

    5.8. Ұйымдастырушы Акцияның өту барысында және кез келген басқа уақытта Ереженің шарттары мен өткізу тәртібін бір жақты өзгертуге және толықтыруға құқылы.

    5.9. Акция бір адамға, отбасына, пәтерге, компьютерге немесе IP-мекенжайға қарасты бір ойын шоты үшін ғана қолжетімді.

    5.10. Ұйымдастырушы Қатысушының Логинін тексеру барысында оның тыйым салынған стратегияларды пайдаланғандығын (мультиаккаунтинг, бұрыс коэффиценттермен ойнау, арбитражды жағдайлар және т.б.) анықтаса және компания оларды қастық әрекет деп таныса, себебін алдын ала ескертпей-ақ Қатысушыға бонус беруден бас тартуға құқылы.

    5.11. Ұйымдастырушы себебін түсіндірместен кез келген Қатысушыны Акциядан шығаруға құқылы.

    5.12. Даулы мәселелер бойынша шағымдар осы Акция басталған күннен бастап 60 (алпыс) күннің ішінде қабылданады. Осы мерзім өткеннен кейін ешқандай талаптар қабылданбайды.

бейненұсқаулықты көру